13 қыркүйекте, Жапонияның Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алғашқы жүлделер 35 шақырымдық спорттық жүрісте сарапқа салынды.
Әйелдер арасында бұл бағдарламада ел намысын екі спортшымыз қорғады. Полина Репина 35-орынға ие болды. Галина Якушева қашықтықты аяқтай алмады.
Испаниялық Мария Перес жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Антонелла Пальмизано иеленсе, Эквадор спортшысы Паула Торрес қола медальға қол жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі әлем чемпионатын қола медальмен аяқтағанын жазған едік.