×

Айбек Оралбай жүлдеге бір қадам қалғанда сүрінді

Ширек финалдағы алғашқы боксшымыз есе жіберді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

01.08.2024, 21:28
Сали Сабиров

92 келіде сынға түскен  Айбек Оралбай Париж Олимпиадасының ширек финалында Әзербайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингестен 2:3 есебімен жеңілді.

Жерлесіміз алғашқы раундты өз пайдасына шешкенімен, қалған уақытта қарсыласына жол беріп қойды.

Отандасымыз осыған дейін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада топ жарған (2018) және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Ал Лорен Альфонсо Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ ол - 2021 жылғы әлем чемпионы.

Новости партнеров