×

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатында жеңіліп қалды

Еркін кұрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камиль Куруглиев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:21
Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионатында жеңіліп қалды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.

Камиль бұл кезеңде ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпеймен күресіп, қарсыласына есе жіберді. Кездесу 0:4 есебімен аяқталды.

Бұл салмақта америкалық Трент Хидлэй жеңіске жетті. Күміс медальді ресейлік Аманула Гаджимагомедов алды. Ал қола жүлденің екінші иегері әзірбайжандық Осман Нурмагомедов болды.

Новости партнеров