Бублик ресейлік теннисші Роман Сафиуллинге қарсы ойнап, турнирдің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ulyssport.kz
Сафиуллин екінші айналымда қазақстандық теннисші Александр Бубликті 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Келесі айналымда Роман Сафиуллин америкалық Фрэнсис Тиафо (АҚШ) пен қытайлық Йи Чжоу арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, Шанхайдағы ATP-1000 турнирі 2-13 қазан аралығында өтеді. Жүлде қоры 8 995 555 долларды құрайды, былтырғы турнирдің жеңімпазы - поляк теннисшісі Хуберт Хуркач.