Үлкен дулыға турнирлерінің 20 дүркін чемпионы, швейцариялық теннисші Роджер Федерер Шанхайдағы "Мастерс" турнирінде өнер көрсетеді. Ол қытайлық жұлдыздармен бірге жұптық көрнекі матчқа қатысады, деп хабарлайды ulyssport.kz
Федерер актер әрі режиссер Донни Йенмен, актер У Лэймен және бұрынғы кәсіби теннисші Чжэн Цземенбірге алаңға шығады. "Roger and Friends Celebrity Doubles" атты жұлдыздар матчы 10 қазанға жоспарланған.
«Шанхайдағы Цичжун стадионына қайта оралатыныма өте қуаныштымын. Бұл қала мен үшін әрдайым ерекше: жанкүйерлер, ұмытылмас сәттер және тенниске деген шынайы махаббат. 10 қазанда сіздермен кездесуді асыға күтемін», — деді Федерер.
Айта кетейік, Роджер Федерер спорттық мансабын 2022 жылдың қыркүйегінде аяқтады. Ол соңғы рет Лондондағы 2022 жылғы Laver Cup турнирінде өнер көрсетіп, қоштасу матчында Рафаэль Надальмен бірге жұптық кездесуге шыққан болатын.