×

Биылғы "Алтын доп" иегері анықталды

28 жастағы Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле биылғы «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 08:33
Биылғы "Алтын доп" иегері анықталды
Фото: Getty Images

Өткен маусымда ол ел біріншілігінде, ұлттық кубокта және Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Күміс жүлде «Барселона» мен Испания құрамасының 18 жастағы жас дарынды ойыншысы Ламин Ямалға бұйырды. Жанкүйерлердің басым бөлігі дәл осы футболшыны фаворит санаған болатын.

Осылайша, Усман Дембеле тарихта «Алтын допты» иеленген алтыншы француз ойыншысы ретінде тіркелді.

Еске сала кетейік, «Алтын доп» футбол әлеміндегі ең беделді жеке марапат саналады.

Новости партнеров