×

Қазақстан кубогында үздік қылышпен айқасушылар анықталды

Қарағандыда семсерлесуден Қазақстан кубогы аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:06
Қазақстан кубогында үздік қылышпен айқасушылар анықталды
Фото: ҰОК

Жекелей сайыста соңғы медальдар қылышпен қаруымен айқасатын спортшылар арасында сарапқа салынды.

Ерлер арасында Қарағанды облысының өкілі Артем Саркисян жеңіске жетті. Екінші орынды алматылық Жанат Нәбиев еншілесе, қола медаль Артур Чупраков (Шымкент) пен алматылық Бексұлтан Абжалға бұйырды.

Әйелдер арасында өткен сайыста шымкенттік Татьяна Приходько топ жарды. Алматылық Карина Доспай екінші орын алды. Үшінші орынға Әйгерім Сарыбай (Алматы) мен Қарағанды облысының спортшысы Жасмин Қапыджы көтерілді.

Новости партнеров