Бокстан ширек финалдағы екінші спортшымыз жарыстан шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz
63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы аса тартысты айқаста грузин қарсыласы Лаша Гурулиден жеңіліп, Париж Олимпиадасында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Алғашқы раундта жерлесіміз төрешілер қағазында толық алда болғанымен, қалған уақытта басымдықты уысынан шығарып алды. Есеп: 2-3.
Айта кетейік, осыған дейін біздің командадан Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92), Махмұд Сабырхан (57 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) жүлдеге таластан тыс қалған.