×

Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасында өткен Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Семсерлесуден Үндістанда өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:40
Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасында өткен Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Отандастарымыз екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Айбар Қайым қылыш қаруымен айқасудан бірінші орын иеленді.

Сондай-ақ Полина Лесовская да алтын медаль жеңіп алды. Ол қылышпен айқасудан турнирдің үздік спортшысы атанды.

Новости партнеров