2 тамызда Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Стендтік ату
12:30. Скит. Ерлер. Іріктеу. Эдуард Ещенко.
Академиялық есу
12:54. М1Х. Финал Е. Владислав Яковлев.
Дзюдо
13:00 (Іріктеу), 19:00 (Финал). 78 келіден жоғары. Әйелдер. Кәмила Берліқаш.
Жеңіл атлетика
13:15. Биіктікке секіру. Іріктеу. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева.
Суға жүзу
14:00 (Іріктеу), 00:00 (Жартылай финал). Баттерфляй. 100 метр. Ерлер. Әділбек Мусин.
Семсерлесу
16:30 (Іріктеу), 18:50 (Жартылай финал), 22:30 (3-орын), 23:30 (Финал). Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов.
Бокс
20:22. 1/4 финал. Ерлер. 80 келі. Нұрбек Оралбай – М.Аллахвердиев (Әзербайжан)
23:32. 1/8 финал. Әйелдер. 57 келі. Карина Ибрагимова – А.Лозада (Пуэрто-Рико)
00:20. Ерлер. 51 келі. Сәкен Бибосынов – Х.Дусматов (Өзбекстан)
Батут гимнастикасы
21:00 (Іріктеу), 22:50 (Финал). Ерлер. Данил Мұсабаев.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.
Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының медаль саны өзгерген жоқ. Ал жарыс кестесінде 21-орынға төмендеді.