×

"Реал" Алматыға негізгі құрамын алып келеді

Алматыға Мбаппе мен Винисиус келеді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:33
"Реал" Алматыға негізгі құрамын алып келеді
Фото: instagram k.mbappe

ТОЛЫҒЫРАҚ

«ЖаркOFF» Telegram-арнасының хабарлауынша, 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матчқа корольдік клубтың барлық негізгі ойыншылары келеді.

Ақпарат УЕФА-дағы дереккөзге сүйеніп жарияланды. Онда «Реалдың» ресми хаттамасына жарақаты жоқ барлық жұлдыздар енгізілгені айтылған. Құрамда Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Винисиус, Федерико Вальверде, Арда Гүлер, Родриго және өзге де әйгілі футболшылар бар.

– Бұл тізімді өз көзіммен көрдім. Жариялауға құқым жоқ, бірақ мәліметтің шын екеніне кепілдік беремін, – делінген дереккөздің жазбасында.

Матчтың өзі 30 қыркүйекте сағат 21:45-те өтеді.

Новости партнеров