×

Дзюдошы Әділет Алмат Қытайдағы Гран-при турнирінде қола медаль үшін күреседі

Қытайдың Циндао қаласында дзюдодан Гран-при турнирінің екінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

27.09.2025, 14:05
Дзюдошы Әділет Алмат Қытайдағы Гран-при турнирінде қола медаль үшін күреседі
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Әділет Алмат финалдық кезеңге өтті.

Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Есито Ходзеге есе жіберді. Енді дзюдошы қола медаль үшін Түркия өкілі Ведат Албайракпен белдеседі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдодан Қытайдағы Гран-при жарысының алғашқы күнін жүлдесіз аяқтағанын хабарлаған едік.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр