×

"Реал Мадрид" ойыншылары Алматыға келді

Алматыға УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншылары келді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 08:09
"Реал Мадрид" ойыншылары Алматыға келді
Фото: Getty images

Толығырақ

Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. 

Арнайы ұйымдастырылған шарада УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны қазақтың ұлттық аспаптарында орындалды. Кейін футболшылар автобусқа отырып, жанкүйерлер құрған «дәліз» арқылы жүріп өтті.

Чемпиондар лигасына дейінгі жол

Алматылық команда Чемпиондар лигасына жету үшін “ауыр сынақтардан” өтті. Алдымен словениялық “Олимпияны” екі ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңді. Кейін финнің КуПС клубын 3:2 есебімен ұтты. Ширек финалда Словакияның “Слованымен” тартысты ойында 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсті.

Плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның атақты “Селтигін” қабылдады. Негізгі матч 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпазды пенальти сериясы анықтады. Бұл жерде қақпашы Темірлан Анарбеков шеберлігін көрсетті: ол қатарынан үш соққыны қайтарып, команданы топтық кезеңге алып шықты.

Матчтың өзі 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр