Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Джакартада (Индонезия) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.
Әртүрлі бағдарламада жүлде үшін алты гимнаст бақ сынайды:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
- Милад Карими (кермедегі жаттығулар, еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қоссырық пен шығыршықтағы жаттығулар)
- Ильяс Әзізов (еркін жаттығулар, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Диас Тойшыбек (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)
Айта кетейік, әлем чемпионаты 19–25 қазан аралығында өтеді. Өткен әлем біріншілігінде Милад Карими еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған еді.