×

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін China Youth Smash турниріне қатысады

3-5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

03.10.2025, 12:01
Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Бейжіңде өтетін China Youth Smash турниріне қатысады
Фото: ҰОК

19 жасқа дейінгі жас санатында жастар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ким Гаон (Корея, жастар арасында халықаралық рейтингте №3), Ли Сынсу (Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайбэй, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа да спортшылар бар.

Қазақстан атынан бұл додаға Алан Құрманғалиев (№9) қатысады. Ол өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.

Новости партнеров