×

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында су добы сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

12.10.2025, 12:30
Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан ерлер құрамасы Жапониямен қола жүлдені сарапқа салды.

Шешуші кездесу отандастарымыздың жеңісімен аяқталды. Қазақстан 16:14 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Таиланд құрамасын жеңген әйелдер құрамасы да қола жүлдеге ие болған еді.

Новости партнеров