Биіктікке секіруден қос спортшымыз финалдық сайысқа жолдама ала алмады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Биіктікке секіруден команда көшбасшысы Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеуінде сүрінді.
Отандасымыз екінші мүмкіндігінде 1.83 метрді бағындырды. Өкінішке қарай, 1.88 метр Надеждаға алынбады. Ал өзге отандасымыз Елизавета Матвеева 1.88 метрмен шектелді.
Финалға кемі 1.97 метрді бағындырғандар немесе жақсы нәтиже көрсеткен 12 спортшы шығады.