×

Үстел теннисі: Қазақстан Азия чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:14
Үстел теннисі: Қазақстан Азия чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы үш жеңіске қол жеткізіп, өз тобында көш бастады. Енді олар ширек финалға жолдама алу үшін Солтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Әйелдер командасы Сингапурдан жеңіліп, топтық кезеңде екінші орын алды. Енді қазақстандық спортшылар 11-14 орындар үшін Иран құрамасымен өзара мықтыны анықтайды.

Новости партнеров