×

Қазақстан су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатында медальдық есепте екінші орынға ие болды

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:17
Қазақстан су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатында медальдық есепте екінші орынға ие болды
Фото: ҰОК

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 23 медаль жеңіп алды.

Отандастарымыздың қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 8 қола жүлде бар.

Командалық есепте Қазақстан екінші орынға ие болды.

Бірінші орынға Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) жайғасса, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.

Новости партнеров