×

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Бхубанешвар қаласында (Үндістан) өтіп жатқан командалық Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:54
Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады
Фото: ҰОК

Ширек финалға шығу жолындағы кездесуде ерлер құрамасы Солтүстік Корея командасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Кирилл Герасименко - Хэм Ю Сон 3:0.

Алан Құрманғалиев - Ри Чон Сик 2:3.

Санжар Жұбанов - Чон Чон Бом 0:3.

Кирилл Герасименко - Ри Чон Сик 2:3.

Одан кейін қазақстандықтар Сингапур командасымен кездесіп, 2:3 есебімен ұтылды. Нәтижесінде ерлер құрамасы Азия чемпионатында 10-орынды иеленді.

Әйелдер командасы өз тобында екінші орын алып, жарыстың 11-14-орындары үшін бақ сынады.

Қазақстан - Иран 1:3.

Сарвиноз Миркадирова - Неда Шахсавари 1:3.

Зәуреш Ақашева - Сафари Шимла 0:3.

Жанерке Көшкімбаева - Илухани Сеташ 3:1.

Зәуреш Ақашева - Неда Шахсавари 2:3.

Қазақстан - Макао 3:0.

Зәуреш Ақашева - Чон Чи Хун 3:0.

Сарвиноз Миркадирова - Чонг Иок Тенг 3:0.

Альбина Жақсылықова - Сик Хуэй Ли 3:1.

Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер 13-орынға табан тіреді.

Новости партнеров