Қазақстандық спортшысы Давид Дегтярёв Египеттің Каир қаласында 9–18 қазан аралығында өтіп жатқан пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы 14 қазанда Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім етті.
ДЕГТЯРЁВ 191 КИЛОГРАММДЫ КӨТЕРІП, ҚАРСЫЛАСТАРЫН АРТТА ҚАЛДЫРДЫ
Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярёв 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 191 килограммдық штанганы көтерді. Тағы бір алтын медальді спортшы үш мүмкіндіктің қорытындысы бойынша жеңіп алып, Қытай мен Сальвадор елдерінің спортшыларын артта қалдырды.
ҮШ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТИТУЛ ИЕСІ АТАНДЫ
Осылайша Ақмола облысының спортшысы Давид Дегтярёв пара пауэрлифтинг бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Оны Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников баптайды.
ПАРАЛИМПИАДА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ЖАРЫС
Пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты — әлемнің ең мықты атлеттері қатысатын Paralympic Powerlifting жүйесіндегі маңызды жарыстардың бірі болып саналады.