Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен қақпашыларға көлік сыйлау үрдісі туралы әзілдеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұған дейін "Қайрат" клубының қақпашыларына еурокубоктардағы сәтті ойындардан кейін көлік сыйланған болатын: 18 жастағы Шерхан Қалмұрза кәсіпкерден көлік алса, 22 жастағы Темірлан Анарбековке бір компания сыйлық жасаған.
"Қақпашылардың бәріне көлік мінгізіп жатыр ғой. Маған бір жылқы мінгізсе де ризамын…" – деді Сейсен күліп.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаевтың пікірінше, Сейсен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңдағы матчтың (1:1) алғашқы таймында-ақ көлікке лайық ойын көрсетті.
J тобы
15 қарашада өтетін матчтар:
Қазақстан – Бельгия,
Лихтенштейн – Уэльс.