×

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Қазақстан ұлттық құрамасын әлемдік рейтингте жоғарылатты. Бұл өзгеріс 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі екі матчтан кейін болды, деп хабарлайды Ulyssport.

14.10.2025, 20:20
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады
Ашық дереккөзден

Бүгін, 17 қазан күні ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа мәліметке сәйкес, Қазақстан құрамасы үш сатыға көтеріліп, Ливия мен Намибияның ортасына жайғасты.

Рейтинг көшін Испания құрамасы бастап тұр, ал Аргентина екінші орынға көтерілді. Қазақстан 115-орында.

ФИФА ұлттық құрамалар рейтингі — 2025 жылғы 17 қазан:

  1. Испания
  2. Аргентина
  3. Франция
  4. Англия
  5. Португалия
  6. Нидерланд
  7. Бразилия
  8. Бельгия
  9. Италия
  10. Германия
  1. Ливия
  2. Қазақстан
  3. Намибия

Айта кетейік, рейтингтегі өзгерістер 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екі турынан кейін тіркелді.

Қазақстан құрамасы бұл матчтарда Лихтенштейнді ойсырата жеңіп, топ көшбасшысы — Солтүстік Македония құрамасымен күтпеген тең нәтижеге қол жеткізді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр