×

Нұрбек Оралбай бокстан алғашқы жүлдені сыйлады

Бокстан 80 келідегі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.kz

02.08.2024, 20:46

80 келідегі боксшымыз Париж Олимпиадасының ширек финалында Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты. 

Төрешілер есебі 5-0. Енді кем дегенде отандасымыздың еншісінде қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, қос боксшы бұған дейін мамыр айында Астанада өткен Elorda Cup халықаралық турнирінің финалында жолығып, жерлесіміз басым түскен болатын.

Жартылай финалда Нұрбек Оралбай сенсациялық түрде жартылай финалға дейін жеткен Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.

½ финал 4 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері. 

Новости партнеров