22-25 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер күресінен ел намысын қорғайтын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Ulyssport.
Байрақты додада Қазақстан әйелдер құрамасының атынан он балуан өнер көрсетеді.
Төменде жарысқа қатысатын спортшылардың тізімі көрсетілген:
50 келіге дейін: Лаура Ғаниқызы
53 келіге дейін: Зейнеп Баянова
55 келіге дейін: Шұғыла Өмірбек
57 келіге дейін: Нулифар Райымова
59 келіге дейін: Виктория Хусаинова
62 келіге дейін: Тыныс Дүбек
65 келіге дейін: Жаныл Бекен
68 келіге дейін: Бейбіт Сейдуәлі
72 келіге дейін: Шамшиябану Тастанбек
76 келіге дейін: Алина Ертөстік