×

Юсуф Мациев грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі

Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:23
Юсуф Мациев грек-рим күресінен U23 әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі
Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Максим Аверинді (Ресей) 9-4 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.

Ал 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Мамырбеков қарсыласының финалға шыққанына байланысты қола жүлде үшін күреседі.

Сондай-ақ Мерей Мәулетханов 72 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Аброр Атабаевқа (Өзбекстан) есе жіберді. Енді қола медаль үшін бақ сынайды.

Новости партнеров