×

Батуттағы гимнастика: Данил Мұсабаев финалға бір қадам жетпеді

Париж Олимпиадасында батуттағы гимнастикадан ерлер арасындағы іріктеу аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.kz

02.08.2024, 22:37
Владислав Семенов

Отандасымыз Данил Мусабаев 58.070 ұпай жинап, 9-шы сатыға табан тіреді. Данил екінші мүмкіндігінде қателік жіберіп, көрсеткішін жақсарта алмай қалды. Мусабаев 8-орындағы спортшыдан 0.570 балл қалып кетті.

Біраздан соң үздік нәтиже көрсеткен 8 гимнаст финалда жүлдеге таласады.

Бұған дейін бұл спорт сайысынан 2016 жылы Рио Олимпиадасында Пирмаммад Алиев өнер көрсетіп, 12-орынға ие болған еді.

Новости партнеров