×

«Қайрат» ойыншысына Еуропа көз тігіп отыр

Шетелдік футбол скауттарының ақпаратынша Азамат Тұяқбаевтың қабілеті Дастан Сәтпаевтан кем емес, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 19:35
«Қайрат» ойыншысына Еуропа көз тігіп отыр
Ашық дереккөзден

Бұл туралы испаниялық агент Алехандро Парра жазды.

«Қателесуім мүмкін, бірақ мен үшін Азамат – Сәтпаевтан кем түспейтін талант. Ол жасына қарамастан өте салқынқанды ойнайды және әрдайым соққы жасау мүмкіндігін іздейді. Мұны біз „Пафосқа“ қарсы матчта көрдік. Бірнеше соққысы расымен де қауіпті болды. Қазір Тұяқбаевқа жастарды дамытуға басымдық беретін ұзақмерзімді жоба қажет деп есептеймін», – деді Парра.

Маман 18 жастағы вингерді Еуропада елестетеді.

«Мысалы, егер ол мансабын Италияда немесе Испанияда жалғастырса, ең бастысы – тұрақты ойын тәжірибесіне ие болуы. Мен Азаматты „Палермо“ немесе „Фрозиноне“ секілді клубтарда көргім келеді. Олар оны дамытып, кейін Исаак Вурал сияқты қайта сата алар еді. Қазақ футболшысының футболдық IQ-і өте жоғары», – деп толықтырды ол.

Еске салсақ, Тұяқбаев Чемпиондар лигасында дебют жасап, Кипр командасына қарсы матчта үзілістен кейін алаңға шыққан. Бұған дейін ол ҚПЛ аясында «Жетісу» қақпасына гол соққан. (5:0).

Айта кетейік, Вурал – Түркия жастар құрамасының жартылай қорғаушысы. Ол Серия B-да «Фрозиноне» сапында бір маусым өткізіп, кейін «Пиза» клубына ауысты. Осы жазда Италияның жоғарғы дивизионының клубы оны 4,5 млн еуроға сатып алды.

Парра – Серхио Каналес пен Хуан Лариос сияқты футболшыларды ілгерілетумен айналысатын Global Goal агенттігінің өкілі. Дереккөздің мәліметінше, агенттік Тұяқбаевқа қызығушылық танытып отыр.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр