Бокстан 57 келідегі Карина Ибрагимова жарысты аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz
57 келідегі Карина Ибрагимова Париж шаршы алаңындағы алғашқы айқасында Эшлионн Лосада Моттадан (Пуэрто-Рико) ұтылып қалды.
Есеп: 0-5.
Эшлионн ширек финалда Юлия Шеремета (Польша)/Тина Рахимимен (Аустралия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.
Айта кетейік, Карина әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері (күміс, 2 қола), Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанған. Ал Эшлионн Панамерика ойындарының қола жүлдегері. Ол - Олимпиадаға лицензия алған Пуэрто-Риконың алғашқы әйел боксшысы.
Енді әйелдер сапынан 50 келідегі Назым Қызайбай ғана жарыс жолын жалғастырады.