Уимблдонның жасөспірімдер арасындағы турнирінің жекелей сынында екі бірдей қазақ теннисшісі жарыстың екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ulyssport.kz
Ұлдар арасында Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов қарсыласы Де Алмейданы (Бразилия) 7:6, 6:3 есебімен ұтса, қыздар арасында Соня Жиенбаева Брук Блэктен (Ұлыбритания) басым түсті. Есеп 6:3, 3:6, 6:3. Жекелей сында бақ сынаған тағы бір қазақстандық Асылжан Арыстанбекова бірінші айналымнан өте алмады.
Үшінші кезеңге өту үшін Омарханов Ұлыбритания өкілі Люк Хуперге, ал Жиенбаева Жапония спортшысы Эна Койкеге қарсы ойнайды.