Бокстан ең жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
51 келідегі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында осы салмақтағы басты фавориттің бірі – Хасанбой Дусматовпен (Өзбекстан) болған тартысты айқаста 2:3 есебімен есе жіберді.
Алғашқы раундта жерлесіміз басым түскенімен, қалған раундтарда төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына сыйлады.
Сәкен Токио Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ ол әлем чемпионы (2021) және қола жүлдегері (2019), Азия чемпионатының күміс және 2 мәрте қола жүлдегері атанған.
Хасанбой - Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы және күміс жүлдегері, Универсиада жеңімпазы, Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы.
Бұған дейін қос боксшы 3 мәрте жолығып, Хасанбой Дусматов 2 рет жеңген болатын.