Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Жұмабай Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.
НӘТИЖЕ
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы «жұлқа көтеру» жаттығуында 146 келіні бағындырып, Азия мен ЮАИ жасөспірімдер рекордын жаңартты.
ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
Күміс медальді 142 келі көтерген Эдриан Гранья (Бахрейн) иеленсе, қола жүлде 138 келі нәтижесімен Дидарбек Жұмабаевқа (Түрікменстан) бұйырды.