×

Шындыққа жанаспайды - «Ақтөбе» желідегі әңгімелерге нүкте қойды

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 20:50
Шындыққа жанаспайды - «Ақтөбе»  желідегі әңгімелерге нүкте қойды
Ашық дереккөзден

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Маусым аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде «Ақтөбе» футбол клубына қатысты түрлі сыбыстар тарай бастады. Қазіргі уақытта ойыншылардың келісімшарт мерзімі, клубтың келесі жылға арналған бюджеті және командадағы ықтимал трансферлер жөнінде әртүрлі жорамалдар тарап жатыр.

«Ақтөбе» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен тек ресми дереккөздерге сенуге және клубтың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін хабарламаларды таратудан бас тартуға шақырамыз», – делінген клубтың Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биылғы маусым қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ҚПЛ-да 43 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орынға тұрақтады.

Новости партнеров