×

Қазақстандық боксшылар 5 алтын жеңіп көш бастады

Қазақстандық боксшылар жасөспірімдер арасындағы Азия турнирінде 5 алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 19:45
Қазақстандық боксшылар 5 алтын жеңіп көш бастады
Ашық дереккөзден

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында Қазақстанның бокс құрамасы бес алтын медаль иеленді.

Алтын жүлдегерлер:

  • Жұмағали Нұрмахан (50 кг)
  • Досжан Жумакан (54 кг)
  • Даниял Шалқарбай (66 кг)
  • Аяулым Оспанова (66 кг)
  • Камила Оспанова (75 кг)

Күміс жүлдегерлер:

  • Арман Мырсәбит (46 кг)
  • Мұхамедәлі Рүстембек (+80 кг)
  • Эльнұра Қоңырат (+80 кг)

Бокс турнирі 30 қазанда аяқталды. Ал Азияданың ресми жабылу күні — 31 қазан.

Новости партнеров