Бублик Париждегі "Мастерс" турнирінің финалына шыға алмады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан беделді ATP Masters 1000 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жартылай финалда ол канадалық Феликс Оже-Альяссимнен 6:7 (3:7), 4:6 есебімен ұтылды. Турнирде 13-нөмірмен өнер көрсеткен Бублик соңына дейін табанды күрес көрсетті, алайда шешуші ұпай сәттерінде қарсыласына есе жіберді.

Канадалық теннисші матч кезінде 12 эйс орындап, үш брейк-пойнтты өз есебіне жазды. Ал Бублик 5 эйс жасап, екі брейк-пойнтты сәтті пайдаланды және екі қос қателік жіберді.

Феликс Оже-Альяссим финалда Янник Синнермен кездеседі.

Rolex Paris Masters – ATP 1000 сериясындағы ең ірі турнирлердің бірі, оның жүлде қоры 6 миллион еуродан асады.

Еске салайық, бұған дейін әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.