Қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсететін Бременнің «Вердер» клубы үстел теннисінен Германия чемпионатында көш бастап тұр, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазір жоғары дивизиондағы 12 команда маусым соңында медальдар үшін сынға түсетін финалдық төрттікке ену үшін бақ сынауда.
Алты турдан кейінгі турнир кестесі төмендегідей:
1 орын – «Вердер» (Бремен): бес жеңіс, бір жеңіліс (5-1)
2 орын – FC TT (Саарбрюккен): 4-2
3 орын – TTC (Швальбе Бергнойштадт): 4-2
4 орын – «Боруссия» (Дюссельдорф): 4-2
5 орын – ТТС (Фульда-Маберцелль): 4-2
6 орын – ASC (Грюнветтерсбах): 3-3
7 орын – TTF (Оксенхаузен): 3-3
8 орын – SV (Мюльхаузен): 3-3
9 орын – «Боруссия» (Дортмунд): 2-4
10 орын – TTC (Гренцау): 2-4
3 қарашада «Вердер» (Бремен) өз алаңында «Гренцау» командасымен кездеседі.