Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик кәсіби теннисшілер одағы (ATP) жаңартқан әлемдік рейтингте өз көрсеткішін жақсартты, деп хабарлайды Ulyssport.
Александр үш сатыға көтеріліп, қазір 13-орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.
Бұған дейін қазақстандық спортшы алғаш рет Парижде өткен "Мастерс" санатындағы турнирдің жартылай финалына дейін жетіп, канадалық Феликс Оже-Альяссимге (ATP рейтингінде 8-орын) жол берген болатын.