×

"Қайраттың" жаңа стадионы туралы тың дерек

Футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев «Қайрат» үшін жаңа стадион салу жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulyssport.

29.10.2025, 20:10
"Қайраттың" жаңа стадионы туралы тың дерек
Ашық дереккөзден

Оның айтуынша, стадионның орны өте қолайлы — метроға жақын. Жаңа аренада «Қайрат» клубы ойнайтын болады.

Бұған дейін әкімдік Орталық стадионды қайта жаңғырту жоспарын ұсынған. Алайда кейін бұл жоспардан бас тартып, жаңа стадион салу туралы шешім қабылданған. Құрылыс жұмыстары екі жыл ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Боранбаев стадионның макетін тек видеодан көргенін айтты.

Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бұған дейін 35 000 көрерменге арналған футбол стадионының салынатынын хабарлаған.

Новости партнеров