"Қайраттың" орталық қорғаушысы Александр Мартынович УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Интерге» қарсы матчтқа жарақатына байланысты қатыспайды, деп хабарлайды Ulyssport.
Бұл туралы «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин айтты.
– «Интерге» қарсы матч алдында біздің қақпашылар мен барлық ойыншылардың жағдайы жақсы, тек Мартыновичтен басқа. Александрдың чемпионаттағы соңғы ойыннан кейін жеңіл жарақаты бар, – деді Уразбахтин.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үш турдан кейін бір ғана ұпай жинап, турнирлік кестеде 34-орында тұр. Кездесу сәрсенбі, 5 қараша күні «Сан-Сиро» стадионында өтеді.