×

Дзюдо: Қазақстан құрамасы соңғы сәтке дейін Бразилияға қарсылық көрсетті

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Париж Олимпиадасын аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.kz

03.08.2024, 13:40
Дзюдо: Қазақстан құрамасы соңғы сәтке дейін Бразилияға қарсылық көрсетті

Париж Олимпиадасында дзюдодан аралас командалық сайыста алғаш рет қатысқан спортшыларымыз Бразилияға жол берді. Есеп: 2-4.

Осылайша, қарсылас ширек финалға жолдама алды.

Татамиде ел намысын Абиба Абужақынова (женіліс), Данияр Шамшаев (жеңіс), Эсмигүл Куюлова (жеңіліс), Абылайхан Жұбаназар (жеңіс), Камила Берліқаш (жеңіліс), Нұрлыхан Шархан (жеңіліс).

Қарсыластың құрамы:
Рафаэла Силва (Рио Олимпиадасының чемпионы), Карнин Даниел (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері), Кейрин Квадрус (Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері), Беатрис Соуза (Париж Олимпиадасының чемпионы), Леонардо Гонсалвес.

Айта кетейік, Қазақстан командасы әлем рейтингінде 12-ші, Бразилия 5-орында тұр.

Осымен Парижде біз үшін дзюдодан бәсеке аяқталды. Бұл біздің татами шеберлері үшін ең табысты Олимпиада болды. Елдос Сметов (60 кг) алғаш рет елімізге алтынды алып келді. Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) алғашқы Олимпиадасында үздік үштікті түйіндеді. Команда көшбасшысының бірі Абиба Абужақынова (48 кг) қола жүлдеге таласта қарсыласына есе жіберді.

Новости партнеров