Шайбалы хоккейден Өскеменде өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы турнирдің фавориттерінің бірі - Жапониямен кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.
Қарсылас алғашқы кезеңнің өзінде екі шайба соғып, қазақстандықтарды қыспаққа алды.
Екінші кезеңде жапониялықтар тағы үш шайба енгізсе, үшінші кезеңде есепті 6:0-ге жеткізіп, кездесуде жеңіске жетті.
Қазақстан – Жапония 0:6 (0:2, 0:3, 0:1)
0:1 – 07:55 – Макото (Токо)
0:2 – 15:29 – Куросу (Сато, Камада)
0:3 – 20:48 – Норо (Ямашита, Ваджима)
0:4 – 24:47 – Миура (Токо, Ито)
0:5 – 36:46 – Токо (Норо) ГБ
0:6 – 40:59 – Томиучи (Ваджима, Маэда)
Қақпашылар: Щеколова – Масухара