Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілдері Аруна Джангельдина мен Мәди Амангелді Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты,
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәди Амангелді 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Нугзари Таталашвилиді (БАӘ) жеңді.
Аруна Джангельдина, 78 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, Аридж Агуебті (Тунис) жеңіп финалға жолдама алды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыққанын хабарлаған едік.