Каратэ шебері Никита Тарнакин Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты

Дастан Кенжалин

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында каратэ сайыстары басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық спортшы Никита Тарнакин 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға жолдама алды.

Ширек финалда Тарнакин Алжир өкілі Мидун Фаллехті 4:3 есебімен жеңді.