×

Сәтпаев Ұлттық құрама үшін алаңға шыға ма

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаевтың Бельгияға қарсы матч алдындағы денсаулығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulyssport.

11.11.2025, 20:20
Сәтпаев Ұлттық құрама үшін алаңға шыға ма
Ашық дереккөзден

Байсуфиновтың пікірінше бәрі Дастанның жарақатына байланысты. 

«Бұл жарақат оны біраз уақыттан бері мазалап келеді. Ол құраманың қатарына екінші рет келіп отыр, айтарлықтай, бірақ төзімді ауырсынулармен. Жасы жас болса да, оған ересек футболшы ретінде қараймыз — ол ересектер футболында ойнап жүр. Бельгияға қарсы матчқа қатысуы жөніндегі шешімді Дастанмен бірге қабылдаймыз. Біз де өз талантымызға жау емеспіз. Ойынға жақындағанда нақты шешім қабылдаймыз», — деді Байсуфинов.

Еске салайық, Бельгия құрамасына қарсы матч 15 қараша күні өтеді.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр