×

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын жеңіспен бастады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

14.11.2025, 12:45
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын жеңіспен бастады
Фото:Нұрғали Жұмағазы

Отандастарымыз Өзбекстан құрамасымен кездесті. Ойын 36:28 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Келесі матчта Қазақстан командасы Әзербайжан құрамасымен ойнайды.

Айта кетейік, қазақстандықтар В тобында өнер көрсетуде.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр