Муай-тайдан Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрар Дүйсехан Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.
Спортшы 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.
Жартылай финалда қазақстандық муай-тай шебері Әзірбайжан өкілі Али Алиевтен басым түсті.
Финал 14 қарашада өтеді.