×

Милад Карими: Төрешілер дәл осындай төмен ұпай береді деп ойламадым

Спорттық гимнастикадан еркін жаттығу сайысы бойынша сынға түскен Милад Карими жарысты қорытындылады, деп хабарлайды Ulyssport 
 

03.08.2024, 19:55
Сали Сабиров

«Спортшылардың өнерін төрешілер әр күні әртүрлі бағалайды. Түсініксіз. Бірақ төрешілер дәл осындай төмен ұпай береді деп ойламадым. Іріктеу кезеңінде соңғы 8-ші орынмен әупірімдеп финалға шығып едім. Бірақ бүгін барынша жинақталып, жүлде алуға ниеттендім. Жаттығуымды лайықты түрде орындап шықтым деп айта аламын. Барлық жанкүйерлерге алғысым шексіз! 

Токио Олимпиадасымен салыстырар болсақ. Ол кезде кілемнен шығып, өрескел қате жібергенмін. Салдарынан жүлделі үштіктің қатарына кірмедім. Ал осы жерде қателік аз болды.

Айта кетейік, бүгін финалдық сайыста Милад Карими 5-орын алып, жүлдеден тыс қалды.

Новости партнеров