Қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Қола жүлде үшін өткен кездесуде Аймұқашева Гамбия спортшысы Мария Марчлинскиді 2:1 есебімен жеңді.
Еске салайық, бұған дейін Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Польшада өткен турнирде қола жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.