×

Боксшы Санжарәлі Бегалиев Үндістандағы Әлем кубогының жартылай финалына өтті

Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:01
Боксшы Санжарәлі Бегалиев Үндістандағы Әлем кубогының жартылай финалына өтті
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта қазақ боксшысы Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға өтті.

1/4 финалда отандасымыз Оңтүстік Корея өкілі Минсен Кимнен басым түсті.

Осылайша, Бегалиев кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық таеквондошы Камила Аймұқашева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медальға ие болғанын жазған едік.

Новости партнеров