×

Анарбеков UEFA назарын аударды

UEFA баспасөз қызметі Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің Бельгияға қарсы матчтағы (1:1) ойынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 20:10
Анарбеков UEFA назарын аударды
Әлеуметтік желіден

ТОЛЫҒЫРАҚ

Еуропа футбол қауымдастықтары одағының ресми Instagram парақшасында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Астанада өткен матчта 22 жастағы қазақстандық қақпашының үздік сейвтері көрсетілген видео жарияланды.

«Үздік қақпашының ойыны ма?» — делінген жазбада.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 10-тур матчында Қазақстан құрамасы сенсация жасап, топ көшбасшысы Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасының жалғыз голын шабуылшы Дастан Сатпаев соқты, ал қақпашы Темірлан Анарбеков сегіз сейв жасап, ұлттық құраманың сапындағы үздік ойыншы атанды.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр